Мәжіліс депутаттары Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен қызметкерлердің транзиті туралы заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаттары Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен қызметкерлердің транзиті туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс депутаттары Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен қызметкерлердің транзиті туралы заң жобасын мақұлдады

Астана. 31-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста "Германия Федеративтік Республикасының әскери күшінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру және қалпына келтіруге қатысты ахуалға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүліктер мен қызметкерлердің транзиті туралы Келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 31 Қазан 2007
  • 492
Фото - Caravan.kz

«Келісімнің мақсаты Қазақстанның Ауғанстандағы тұрақтылықты қалпына келтіруге қатысты халықаралық күштерге көмек көрсетудегі рөлін нығайту болып табылады. Келісім Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Германия Федеративтік Республикасының әскери мүліктері мен қызметкерлерінің транзитін жүзеге асыру тәртібін анықтайды»,- деп айтылған Мәжілістің халықаралық істер жөніндегі комитеттің қорытындысында.

Қорытындыға сәйкес, «Қазақстан аумағы арқылы әскери мүліктер мен қызметкерлердің транзиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген келісім негізінде теміржол және әуе көліктері арқылы жүзеге асырылатын болады».

Келісімге Берлинде 2007 жылдың 1-ақпанында қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті