Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастық аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке тиімді әсер етуге мүмкіндік береді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастық аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке тиімді әсер етуге мүмкіндік береді

Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастық аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке тиімді әсер етуге мүмкіндік береді

Астана. 1-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы мен НАТО арасындағы ынтымақтастық аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке тиімді әсер етуге мүмкіндік береді, деп мәлім етті Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі НАТО-ның Орта Азия мен Кавказ елдері бойынша Бас хатшысының прнаулы өкілі Роберт Симмонспен кездесуінде. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қорғаныс мекемесінің баспасөз қызметінен хабарлады

  • 1 Қараша 2007
  • 1041
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенетін болсақ, кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Альянс арасындағы серіктестік іс-әрекеттерінің жеке жоспарының жүзеге асырылу барысын, халықаралық қауіпсіздік мәселесін қоса талқылап, өзара ықпалдастық бағыттары бойынша қол жеткізілген айтарлықтай жетістіктерді атап өтті.

Баспасөз қызметінің хабарлауыша, Қазақстан Еуро-атлантикалық серіктестік кеңесі аясында серіктес елдермен және НАТО-мен үнемі консультация жүргізіп тұрады, ол серіктестік қатынастардың жалпы саяси негізі болып табылады.

«Бейбітшілік үшін ынтымақтастық» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы НАТО-мен жеке негізде қатынас орнатады. Бұл бағдарлама ынтымақтастықтың өзіндік басымдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді»,- деп хабарлады қорғаныс мекемесінің баспасөз қызметінен.

Д. Ахметов, ынтымақтастықтың негізі күші Қазақстанның армиясын трансформациялауға және модернизациялауға, аймақтық және халықаралық тұрақтылықты нығайтудағы өзара ықпалдастыққа бағытталған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті