«Ақорда» президент сарайының қарсы алдында, парламент ғимаратының жанындағы қаланың әкімшілік орталығы алдында жиналғандардың айтуынша, бұған үш ай бойы жалақының төленбеуі себеп болған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Митингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері, министрлік департаментінің директоры Сапура Оразова және Астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошун болып қайтқан. «Біз тәуліктің аяғына дейін бұл мәселені шешуге тырысамыз»,- деді С. Оразова.
Ол, департаменттің компанияның қаржы іс-қызметне тексеру жүргізетін арнайы жұмыс тобы құрлып, мемлекеттік инспектор тағайындалғандығын хабарлады.
Сонымен қатар компанияның басқарушысы Александр Крылов, ұйымның үш ай емес, бір айлық жалақыдан қарыздар екендігін айтып бағуда. «Біз кеше бригадирлермен жиналыс өткізіп, оларға жұмысшылардың бүгін өз жалақыларын алатындығын түсіндіргеміз»,- деді ол. Жалпы, басқарушының айтуынша, қарыз көлемі 100 млн теңгені құрайды.
Астананың билік өкілдерінің түсіндіруінше, компаниядағы қаржы проблемасы елдегі ипотекалық несиелеу жағдайына байланысты туындап отыр. «Компаниядағы жағдайдың қиын екендігі рас, ол біздегі ипотекалық несиеге қатысты ахуалға байланысты»,- деді оқиға болып жатқан жерге келген Астана әкімінің орынбасары. «Кеше әкімшілікте осы компания жайлы әңгіме болған, және де біз жағдайды өз бақылауымызда ұстауға уәде береміз»,- деп атап көрсетті ол.
Үш сағатқа созылған митингке 300-ге жуық адам қатысқан. Митингке қатысушылар орталық алаңға баратын жолды бір сағаттай жауып тастаған, бірақ таңертеңгі он сағатта оларды Астананың күш құрылымдарының қызметкерлері жол шетіне шығарған. Осыдан кейін компания басшылығы тәуліктің аяғына дейін жалақыны төлеуге уәде беріп, жұмысшылар он екі сағат шамасында тараған болатын.
Журналистерге қалалық прокуратураның өкілі Думаш Көпжасбаевтың хабарлауынша, «құқық қорғау органдары тарапынан ешқандай күш қолданылмаған, және митингіге қатысушылардың ешқайсысы ұсталған жоқ».
Ол сондай-ақ, «митинг өткізуге рұқсат берілмегендігін, оның әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатындығын, ал көліктерді тоқтатуға жасалған әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік тағайындалатындығын» атап көрсетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті