Юсуф Келиговтың апталық жедел кеңесте мәлім еткен ақпараттарына сүйенсек, «кәсіпорын өткен қыста қардың аса көп түскендігін ескере отырып, алда келе жатқан қысқа түбегейлі дайындалды».
Үстіміздегі жылы көшелерді тазалауға қосымша 113 бірлік қар тазалағыш және коммуналдық техника, соның ішінде 15 көп функциялы машина сатып алынған.
Кәсіпорын жеделдікті, қолдағы техника мен адам ресурстарын тиімді пайдалануды қамтасыз ету мақсатында қаланың санитарлық тазалығына қатысты аумақтық жұмыс тәжірибесін енгізген.
Сонымен қатар Юсуф Келигов Астананың екі ауданының «Горкоммунхоз» АҚ алдындағы жиналған қарыздары 90,5 млн теңгені құрайтындығын атап өтті.
Сондай-ақ, қаланың тазалығын қамтамасыз ету ережелері, қаланы жайластыру жөніндегі заңды бұзғаны үшін заңды тұлғаларды, лауазым иелері мен жай азаматтардың құқықтары мен жауапкершіліктерін нақты айқындауға көмектесетін ережелер бекітілген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті