НАТО Қазақстанға әскери-теңіз флотын дамытуда көмек көрсетуге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
НАТО Қазақстанға әскери-теңіз флотын дамытуда көмек көрсетуге дайын

НАТО Қазақстанға әскери-теңіз флотын дамытуда көмек көрсетуге дайын

Астана. 2-қараша. "Қазақстан Бүгін" - НАТО Қазақстанға әскери-теңіз флотын дамытуда көмек көрсетуге дайын. Бұл туралы кеше Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Қазыхановпен кездесуден кейін журналистерге берген сұхбатында НАТО-ның Орта Азия мен Кавказ елдері бойынша Бас хатшысының арнаулы өкілі Роберт Симмонс мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 2 Қараша 2007
  • 426
Фото - Caravan.kz

«НАТО Қазақстан флотын дамыту үшін бюджетті жоспарлауда консультация беруде және техникалық тұрғыдан көмек көрсете алады»,- деді Р. Симмонс. «Мен бұрынғы сапарым барысында осы мәселе бойынша қорғаныс министрлігімен келіссөздер жүргіздік, және де Қазақстан өзінің флотын қалпына келтіруді жоспарлап отырған Ақтауға да барып қайттым, біз бұған көмек көрсетуге әзірміз»,- деп қосты ол.

Үстіміздегі жылдың қыркүйегінде республикамыздың қорғаныс министрі Даниал Ахметов Каспийде Қазақстанның заманауи әскери флотын құру ниеті туралы мәлім еткен болатын. «Каспий аймағы бүгінде Қазақстан мен дүниежүзінің барлық мемлекеттерінің экономикасы үшін маңызды мәнге ие, оны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында бізде заманау әскери-теңіз флотын құру қажеттілігі туындап отыр»,- деп мәлім еткен болатын қорғаныс министрі. Сол кезде шетелден 500-ден 1 мың тоннаға дейін суысырғыш кемелерін сатып алу және жағалау инфрақұрылымдарын жетілдіру жоспарлары туралы мәлім етілген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті