Қарағанды облысында болған өрт салдарынан үш адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында болған өрт салдарынан үш адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді

Қарағанды облысында болған өрт салдарынан үш адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді

Астана. 2-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында болған өрт салдарынан үш адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 2 Қараша 2007
  • 325
Фото - Caravan.kz

Мекеменің мәліметтеріне сүйенсек, Қарағандыда шыққан өртті сөндіру кезінде екі адамның денесі табылып, біреуі әртүрлі деңгейдегі күйіктермен қаланың ауруханасына жеткізілді. Өрт 100 шаршы метрді шарпыған, оны сөндіруге Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің тоғыз адамы мен екі техникасы жұмылдырылған.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шахтинск қаласында адам тұрмайтын бес қабатты үйдің баспалдақ алаңындағы 2 шаршы метр аумақтағы өртті сөндіру барысында бір адамның денесі табылған. Өртты сөндіруге Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің тоғыз адамы мен екі бірлік техникасы жұмылдырылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті