Чехия Әзербайжанмен өзара ықпалдастығын дамытуға мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Чехия Әзербайжанмен өзара ықпалдастығын дамытуға мүдделі

Чехия Әзербайжанмен өзара ықпалдастығын дамытуға мүдделі

Баку. 2-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Чехия Әзербайжанмен өзара ықпалдастығын дамытуға мүдделі. Бұл туралы осы елдің сыртқы істер министрінің орынбасары Томас Пойар Бакуде 1-қарашадағы Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяровпен кездесуі барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

  • 2 Қараша 2007
  • 376
Фото - Caravan.kz

«Чехия Әзербайжанға үлкен мүдделік танытып отыр, және де екі елдің іскер адамдарының арасында да саяси байланыстар орнату қажет»,- деді Т. Пойар.

Оның айтуынша, өзінің Бакуге барған сапарының мақсаты екіжақты қатынастар деңгейін көтеру, осы байланыстарды нығайту үшін нормативтік-құқықтық базаларды жетілдіру, тікелей әуе қатынастарын жаңғырту, визалық режимдерді қысқарту және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссия құрудың келешегін зерделеу болып табылады.

Э. Мамедъяров өз кезегінде Әзербайжан Чехиямен сауда-экономикалық, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалар мен мұнай секторын дамытудағы екіжақты байланыстарды тереңдету маңызды деп санайтындығын атап көрсетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті