Қазақстанның шекарашылары ірі көлемдегі валюта мен героин алып өту дерегінің жолын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның шекарашылары ірі көлемдегі валюта мен героин алып өту дерегінің  жолын кесті

Қазақстанның шекарашылары ірі көлемдегі валюта мен героин алып өту дерегінің жолын кесті

Астана. 2-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның шекарашылары ірі көлемдегі валюта мен героин алып өту дерегінің жолын кесті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Қараша 2007
  • 301
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Алматының әуежайында шекарашылар Алматы — Мәскеу бағытында ұшпақ болған қазақтандықты ұстаған. Одан декларацияда көрсетілмеген 10 мың евро көлеміндегі шетел валютасы табылған. Сонымен қатар, Ақтаудың әуежайында Ақтау — Фуджейро рейсінде Қазақстан Республикасының азаматы 30 мың АҚШ долларымен ұсталған. Валюта декларацияда көрсетілмеген.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Мерке» шекара пунктінде өз елінен Қазақстанға «Газ» жеңіл көлігімен бет алған Қырғызстанның азаматы ұсталған. Көлікті тексеру барысында шекарашылардың назары кардан білігіндегі жаңа қиыстырылған жікке ауған. Оны ашып тексергенде өзіндік иісі бар, ұнтақ тәрізді, дорбаларға бөлініп салынған ақ сұр түсті зат табылған. Табылған зат героинға ұқсас, салмағы 500 грамға жуық, деп хабарлады шекара мекемесінің баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті