Еуроодақ Қырғызстанды журналист Алишер Саиповтың өліміне қатысты мәселені мұқият тергеуге шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуроодақ Қырғызстанды журналист Алишер Саиповтың өліміне қатысты мәселені  мұқият тергеуге шақырады

Еуроодақ Қырғызстанды журналист Алишер Саиповтың өліміне қатысты мәселені мұқият тергеуге шақырады

Бішкек. 2-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Еуроодақ Қырғызстанды журналист Алишер Саиповтың өліміне қатысты мәселені мұқият тергеуге шақырады, деп хабарлайды бүгін "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Германия Федеративтік Респуликасының Қырғызстандағы елшілігі таратқан мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.

  • 2 Қараша 2007
  • 386
Фото - Caravan.kz

Кісі өлтіру дерегі жайлы айта келе, «Еуроодақ пікір бостандығын, бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығын сақтау мен демократиялық және плюралистік қоғам құруда адам құқығын қорғауды сақтаудың маңыздылығына кәміл сенеді. Еуропалық одақ қырғыздың билік өкілдеріне Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиев 25-қазанда берген уәдесі бойынша Алишер Саиповтың өліміне қатысты қылмыстық істі тоқтаусыз әрі мұқият тексеріп, қылмыскерді қолға түсіруді, оны сот төрелігіне беруді талап етеді»,- деп атап көрсетілген мәлімдемеде.

Бұрын хабарлағанымыздай, 26 жастағы журналист А. Саипов үстіміздегі жылдың 24-қазанында Ош қаласында жеті сағат шамасында атылған болатын. А. Саипов әртүрлі уақыттарда «Фергана.Ру» ақпараттық агенттігімен, «Голос Америки», «Свобода» радиосында, соңғы кезде Қырғызстанның оңтүстігіндегі танымал «Сиесат» («Саясат») атты газетте редактор болып жұмыс істеген.

Сонымен қатар, Қырғызстанның құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізе отырып, Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің қаза болған журналистің «Өзбекстанның діни-экстремистік ағымының өкілдерімен» байланысы болуы мүмкін деген мәлімдемесін жоққа шығармайды. Баспасөз қызметі, «Саиповтың компьютерін тексеру барысында тыйым салынған «Хизб-ут-Тахрир» материалдары бар 229 файл мен 7 папка табылғандығын» хабарлайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті