Павлодар облысында ет өнімдерінің бағасын өсірген үш делдал анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында ет өнімдерінің бағасын өсірген үш делдал анықталды

Павлодар облысында ет өнімдерінің бағасын өсірген үш делдал анықталды

Павлодар. 2-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында ет өнімдерінің бағасын өсірген үш делдал анықталды. Бұл туралы бүгін журналистерге аймақтың экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаметінен хабарлады, деп мәлімдейді "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 2 Қараша 2007
  • 429
Фото - Caravan.kz

«Жедел іс-шаралар барысында Павлодар қаласындағы базарларда ет өнімдерін сатып алып, одан әрі бағасын көтеріп сатумен айналысқан үш делдал анықталған»,- деді облыстың экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаметі бөлімінің аға инспекторы Игорь Алексеев. Оның айтуынша, аталмыш тұлғаларға қатысты мұқият тексерулер жүргізіліп жатыр. «Олар әкімшілік заң бұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартылатын болады»,- деп атап өтті И. Алексеев.

Сонымен қатар, И. Алексеевтің мәліметтеріне сүйенсек, жедел іс-шаралар барысында жедел қызметкерлер Екібастұз бен Ақсуда өсімдік майын заңсыз сатуға қатысты 3 дерек анықтаған.

И. Алексеевтің айтуынша, 5-қазанда қаржы полициясының жанында әрқайсы екі адамнан тұратын үш мобильдік топ құрылған, олар күн сайын азық-түлік нарығындағы жағдайларға мониторинг жүргізеді. «Бағаның қайталап күрт өсуіне жол бермеу үшін біздің қызметкерлеріміз таңертең және кешке, тәулігіне екі рет базарлардағы, ірі сауда орталықтары мен дүкендердегі азық-түлік өнімдерінің бағаларын тексереді»,- деп түсіндіріп өтті қаржы полициясынан.

И. Алексеевтің хабарлауынша, қаржы полициясы мен жергілікті билік органдары өкілдерінің бірлесіп жүргізген рейд барысында азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз көтеруге жол бермеу мақсатында сауда орындарының иелерімен әңгіме жүргізілген.

«Біз оларға бағаны жасанды көтеру салық төлемеу немесе кірісті жасыру сияқты заң бұзушылықтарға әкеп соқтыратындығын айттық»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті