Солтүстік Қазақстан облысында бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдерінің қоры жеткілікті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдерінің қоры жеткілікті

Солтүстік Қазақстан облысында бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдерінің қоры жеткілікті

Астана. 5-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдерінің қоры жеткілікті. Бұл туралы баға және тарифтерді қымбаттатпау жөніндегі штабтың кезекті, бесінші отырысында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Владимир Балахонцев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 5 Қараша 2007
  • 436
Фото - Caravan.kz

Бес көтерме сауда кәсіпорындарының қоймаларындағы азық-түлік өнімдерінің қоры 400 тоннадан асып жығылады. Өсімдік майы мен тұздың көлемі жеткілікті.

Агенттік тілшісінің хабарлауынша, бұрын құрылған бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдерінің бағасын қадағалау жөніндегі төрт мобильдік топтың жетекшілері бөлшек саудада қант 110 теңгеден қымбат емес бағамен, тұздың бір килограммы 25 — 30 теңгеден және өсімдік майының бір литрі 270 — 370 теңге аралығында сатылып жатқандығын атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті