Мекеменің баспасөз хатшысы Марат Ілиясовтың бүгін өткен баспасөз мәслихатында хабарлағанындай, Вашингтонда мемлекеттік хатшы АҚШ Мемлекеттік департаментінің, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңестің, Конгрестің екі палатасының басшылығымен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың және іскер топтардың өкілдерімен кездесулер өткізеді.
ҚР-АҚШ стратегиялық әріптестігін кеңейтудің шеңберінде Қазақстанның 2009 жылда ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау мәселесі, экономикалық пен энергетикалық ынтымақтастықты дамыту, қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл сапардың күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті