Пекинде Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің әскерилері мен дипломаттарының кездесуі өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пекинде Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің  әскерилері мен дипломаттарының кездесуі өтуде

Пекинде Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің әскерилері мен дипломаттарының кездесуі өтуде

Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Пекин қаласында 29 қазан мен - 9 қараша аралығында шекаралас аудандардың әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы Шанхай (1996 ж.) және Мәскеу (1997 ж.) келісімдерін жүзеге асыру жөніндегі бірлескен бақылау тобының 17-сессиясы өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен дәстүрлі брифингте ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Марат Ілиясов хабарлады.

  • 5 Қараша 2007
  • 499
Фото - Caravan.kz

Өкілдің хабарлауынша, аталған сессияға Қазақстан Республикасы, ҚХР, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстанның әскери және дипломатиялық ведомстволарының өкілдері қатысады.
Кездесу барысында 2006 жылда жүргізілген жұмыстың нәтижелері, сонымен қатар әскери-шекаралық басқа да мәселелер талқыланып, қорытынды Хаттамаға қол қойылады деп күтілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті