Қалалық статистика бөлімінің мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылдың қаңтар — қыркүйек айларында қалада жалпы ауданы 24 149 шаршы метрді құрайтын 196 баспана салынған, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі деңгейдің 66,5 пайызын құрайды.
«Сонымен қатар, жаңа нысандар іске қосылған»,- деп атап өтті статистика бөліміндегілер. Олардың қатарында қуаттылығы 315 мың тонна кен өңдеу кешені, жалпы алаңы 7,8 мың шаршы метр сауда алаңдары, төрт техникалық қызмет көрсету станциялары, он дәмхана, алты сауна, екі жанармай бекеті, компьютер салоны, 10,24 шақырым электр тасымалдау желісі, 2,29 шақырым байланыс желісі пайдалануға берілген.
Статистика бөліміндегілердің хабарлауынша, 2007 жылдың қаңтар — қыркүйек айларында ірі және орташа мердігерлік құрылыс ұйымдары өз күштерімен 4318,5 млн теңге көлеміндегі мердігерлік жұмыстар атқарған.
Мердігерлік жұмыс құрылымындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары 60,2 пайызды еншілесе, 21,6 пайыз — күрделі жөндеу, 13,7 пайызы — ағымдағы жөндеу жұмыстары, ал 4,5 пайызы басқа да мердігерлік жұмыстардың иелігінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті