«Жүргізушінің хабарлауы бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің жол полициясының аға инспекторы 20 мың теңге пара алу үстінде ұсталды»,- деп хабарлады баспасөз хатшысы.
Баспасөз қызметінің түсіндіруінше, 30 жастағы жүргізуші жол қозғалысының ережесін өрескел бұзған. Тәртіп бұзушыны жол полициясының инспекторы тоқтатып, оның жүргізуші куәлігін алып алған. Жүргізушінің құжатын қайтару үшін және заң бұзушылықты ресми тіркемеу үшін полиция қызметкері ақша талап еткен.
Жүргізуші қаржы полициясына шағымданған.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабына (пара алу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті