Шегарашылар ҚР "Көші-қон туралы" заңын бұзған 15 шетелдік азаматты қолға түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шегарашылар ҚР "Көші-қон туралы" заңын бұзған 15 шетелдік азаматты қолға түсірді

Шегарашылар ҚР "Көші-қон туралы" заңын бұзған 15 шетелдік азаматты қолға түсірді

Алматы. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" -"Алматы" шегара бақылау тобының шегарашылары Қазақстан Республикасының заңын өрескел бұзған 15 шетелдік азаматты құрықтады. Бұл туралы агенттікке ҚР ҰҚК шегара қызметінің баспасөз қөзметі хабарлады.

  • 6 Қараша 2007
  • 699
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, шегарашылар Алматыдан Кабулға ұшып кетпек болған Ауғанстанның 11 азаматының төл құжатында көші-қон полициясының тиісті мөрінің жоқтығын анықтаған.

Сондай-ақ, Қазақстан визасының берілу мерзімі аяқталғандықтан, Алматыдан -Шаржаға ұшақпен жол тартқан Сирияның екі азаматы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматы мемлекеттік шегарада ұсталды. Баспасөз қызметі хабарлағанындай, барлық құрықталған шетелдік азаматтар ҚР ІІМ көші-қон полициясына берілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті