Елбасы Сириялық кәсіпкерлерді Қазақстан экономикасына қаржы салуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы  Сириялық кәсіпкерлерді Қазақстан экономикасына қаржы салуға шақырды

Елбасы Сириялық кәсіпкерлерді Қазақстан экономикасына қаржы салуға шақырды

Астана. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан және Сирия мемлекет басшыларының келіссөздерінен кейін болған баспасөз мәслихатында екі елдің инвестициялық ынтымақтастығының сапасы мен деңгейін көтерудің маңызын атай отырып Сириялық кәсіпкерлерді Қазақстан экономикасына қаржы салуға шақырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Қараша 2007
  • 537
Фото - Caravan.kz

«Мен Сириялық кәсіпкерлерден Қазақстан экономикасына қаржы салуға және еліміздің индустриялық бағдарламасына атсалысуға шақырамын», — деді ол. «Мен Қазақстанның іскерлік өкілдері де Сирия экономикасына қаражат жұмсаудан мүдделі дегенге сенімдімін», -деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшылары Қазақстан мен Сирия арасындағы тауар айналымы екі елдің әлеуетіне сай келмейтіндігін атап өтті. 2007 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 19,5 млн доллларды құрады.

Қазақстан Сирияға металлургия, тау-кен және химия өнеркәсібі, тұқым мен мал шаруашылығы өнімдерін сатудан мүдделі.

Келіссөздер барысында тараптар бірлескен үкіметаралық комиссия құру жөнінде шешім қабылдады, ол өзара ықпалдастықтың келешегі бар бағыттарын қарады.

Экономикалық ынтымақтастықты пәрмендендіру мақсатында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары аясында Дамаск қаласында 6 қарашада Қазақстан -Сирия іскерлік кеңесінің бірінші отырысын өткізу межеленген.

Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Сирия өзара бірнеше құжатқа қол қойды. Атап айтсақ, екі ел білім беру мен ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұған қоса сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялар туралы декларация мен Қазақстанның Ауылшаруашылығы министрлігі мен Сирияның Ауылшаруашылығы және аграрлық реформалар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үш күндік мемлекеттік сапармен Дамаскіде жүр. 6 қарашада Н. Назарбаев сапар бағдарламасына сәйкес Сирия үкімет басшысы Наджи эль-Утримен кездеседі. Сонымен бірге, мемлекет басшысы сапар аясында ғұлама әл-Фараби зиратының басында тарихи-мәдени орталық пен кесене салу жобасының іргетасын қалау рәсіміне және Сұлтан Бейбарыстың кесенесін қайта қалыпқа келтіру жобасының тұсаукесеріне қатысады. Аталған жобаларға Қазақстан үкіметі қаржылық қолдау көрсетіп, 4,6 млн. АҚШ долларын бөліп отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті