ҚР үкіметі тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті және апталық қажеттіліктегі тауарлардың (жұмыс, қызмет) тізімін бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкіметі тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті және апталық қажеттіліктегі тауарлардың (жұмыс, қызмет) тізімін бекітті

ҚР үкіметі тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті және апталық қажеттіліктегі тауарлардың (жұмыс, қызмет) тізімін бекітті

Астана. 6-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының үкіметі тапсырыс берушілер қызметті үздіксіз жүргізу мақсатында сатып алатын күнделікті және апталық қажеттіліктегі тауарлардың (жұмыс, қызмет) тізімін бекітті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 6 Қараша 2007
  • 336
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 21-шілдесіндегі «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңының 13 бабының 3 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының үкіметі тапсырыс берушілер қызметті үздіксіз жүргізу мақсатында сатып алатын күнделікті және апталық қажеттіліктегі тауарлардың (жұмыс, қызмет) тізімін бекіту туралы қаулы шығарды.

«Аталмыш қаулы 2008 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енеді, сондай-ақ, ресми жарияланады», — деп көрсетілген Қазақстан Республикасының премьер-министрі қол қойған қаулы мәтінінде.

Күнделікті немесе апталық қажеттіліктегі тауарлар (жұмыс, қызмет) тізімімен ресми бұқаралық ақпарат құралдарынан танысуға болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті