«Біз, мәжіліс депутаттары, тұрғын үй кешенінің пайдалануға берілуін немесе мұндай ғимаратты жалға беруді Қосалқы құн салығынан босату мәселелелері бойынша «Салық және басқа да міндетті бюджет төлемдері туралы кодекске» толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледік», — деді В. Цой.
Ол сондай-ақ «аталмыш жоба қазіргі кезде болып отырған құқықтық қайшылықтарды жою және жағдайды тез арада ретке келтіру үшін жасалған», — деді.
Мәжіліс депутаты 2006 жылдың 11-желтоқсанындағы Заң арқылы Салық кодексінің 229 бабына өзгертулер енгізілгендігін түсіндіріп өтті. Осыған сәйкес «2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап тұрғын үйдің пайдалануға берілуі немесе мұндай ғимаратты жалға беруді, оның ішінде субаренданы Қосалқы құн салығынан босату» қарастырылған өзгертулер енгізілген, тек қонақ үй қызметін көрсету мақсатында пайдалануға немесе жалға беру қарастырылмайды. Алайда, 2007 жылдың 13-қыркүйегінде Қаржы министрлігінің Салық комитетіне Бас прокуратурадан «кодекстің 226 бабының 1 тармағының 1 абзацында «тұрғын үй» сөзінен кейін «ғимарат бөлігі» деген сөздің болмауына байланысты норма Қосалқы құн салығынан босату ғимараттың дербес бөліктерінің емес, тек бүкіл ғимарат түгелдей пайдалануға немесе жалға берілгенде ғана босатылады деп түсінілуі тиіс» деген мәтінде хат келіп түскен болатын.
«Бұл жерде Бас прокуратура «тұрғын үй», «тұрғын ғимарат» ұғымдарын ескермеген», — деп атап өтті депутат.
Бас прокуратураның хаты негізінде Қаржы министрлігінің Салық комитеті аймақтық бөлімшелерге Қосалқы құн салығын белгілеу және Салық кодексінің 71-бабын (кешіктірілу айыбын пайдалану) қолдану жөніндегі түсініктемемен бірге хат жолдаған. Осыған сәйкес, 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап құрылыс компанияларына Қосалқы құн салығы, сондай-ақ, осы соманың 50 пайызы көлемінде айыппұл белгіленген. Депутат Виктор Цойдың ақпаратына сүйенсек, құрылыс компанияларына салынған айыппұл тек Астана қаласында 18 млрд теңгеден асып жығылған.
«Болып отырған құқықтық қайшылықтар және Кодекс нормаларын әрқилы түсіндіру Қазақстаннның құрылыс саласына кері әсерін тигізуде. Онсыз да жақсы емес жағдайды одан әрі қиындатуда», — деп сөзін аяқтады депутат.
Осыған байланысты, мәжіліс депутатының пайымдауынша, әзірленген өзгертулер бұл қайшылықты жоюға мүмкіндік бермек.
«Мұндай мәтіндегі заң жобасы өзгертулерді 2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап енгізуге мүмкіндік береді. Себебі ол ешқандай концептуалдық өзгерістерді, қаржылық шығындарды, басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді талап етпейді. Бұл тек құқықтық қайшылықты жоюға бағытталған», — деді Виктор Цой.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті