Шымкентте пара алуға бопсалады деген күдікпен өрт сөндіру қызметінің полковнигі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте пара алуға бопсалады деген күдікпен өрт сөндіру қызметінің полковнигі ұсталды

Шымкентте пара алуға бопсалады деген күдікпен өрт сөндіру қызметінің полковнигі ұсталды

Шымкент. 6-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте пара алуға бопсалады деген күдікпен өрт сөндіру қызметінің полковнигі ұсталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 6 Қараша 2007
  • 565
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жедел-тергеу тобы Оңтүстік Қазақстан облысының өрт сөндіру департаментінің нормативтік-техникалық бөлімінің бастығы, ішкі қызмет полковнигін өз кабинетінде 15 мың теңге көлемінде пара алу үстінде құрықтаған.

«Ұсталған азамат Шымкент пен Түркістанда орналасқан фирма нысандарында өрт-күзет дабылын пайдалануға рұқсат беру үшін ЖШС директорынан ақша бопсалаған»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Аталмыш дерек бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу басқармасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-тармағы (лауазымды тұлғаның пара алуы) бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталған азамат Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу изоляторына қамалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті