«Ағымдағы жылдың аяғына дейін жаңа темір жол желілерін тартуға концессионер іріктеуге бағытталған байқау аяқталады», — деді Ж.Қасымбек.
Оның айтуынша, бұл жобалардың арасында Маңғшлақ — Баутино жобасы да бар. «Бұл — Баутино айлағының бағытында тартылатын 135 шақырымдық темір жол», -деді вице-министр.
Концессияға берілетін жобалардың арасында Ералиево — Құрық бағытындағы жол да бар. «Бұл алдағы уақытта Қашаған мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан жобасының аясында тасымалдауда пайдаланылатын 14,5 шақырымдық шағын жол», деді Ж.Қасымбек.
«Бұған қоса биыл Мақат — Қандағаш бағытындағы жолға тоқ жіберу жобасы бойынша да концессионер айқындалады», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті