Шығыс Қазақстан облысында көлік апатының салдарынан үш адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында көлік апатының салдарынан үш адам мерт болды

Шығыс Қазақстан облысында көлік апатының салдарынан үш адам мерт болды

Семей. 6-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында болған көлік апатының салдарынан өрт шығып, үш адамның өмірі қиылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Қараша 2007
  • 385
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Аягөз — Өскемен тас жолының 53-ші шақырымында «КамАЗ» жүк көлігі мен «Фольксваген — Пассат» жеңіл көлігі соғысқан. Соққы салдарынан жеңіл көлік жанып кеткен.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға болған жерге келген өрт сөндірушілер көліктің ішінен өртеніп кеткен екі адамның денесін тапқан. Сондай-ақ, алған жарақаттарының салдарын оқиға орнында көз жұмған үшінші адам жол жиегінен табылған.

«Қазір қайтыс болғандардың аты-жөндері, сондай-ақ жеңіл жарақаттар алған «КамАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі мен оның иесінің кім екендігі анықталуда»,- деп хабарлады Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті