«Криманалдық -сот сараптамасының қорытындысы бойынша, шіркеу күзетшісінің өлімі бас және мұрын қырының ашық жарасынан болған», — деп хабарлайды А. Иманғалиев.
Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 71- жастағы күзетшінің мәйіті 2 қарашада табылды. Бүгінде бұл оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 96 бабы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арнайы құрылған шұғыл тергеу тобы, қылмыстың шығу себебі мен күдіктілерді анықтап, құрықтауы тиіс.
Баспасөз қызметінің жетекшісі шіркеудің тоналғаны жөнінде ақпарды растамады және жоққа да шығармады. Оның хабарлауы бойынша, тергеу тобы бірқатар деректерді анықтағаннан кейін ғана, полиция қызметкерлері баспасөз мәслихатын өткізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті