Каспийде 2012 жылы теңіздегі жүк тасымалының көлемі 65 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспийде 2012 жылы теңіздегі  жүк тасымалының көлемі 65 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған

Каспийде 2012 жылы теңіздегі жүк тасымалының көлемі 65 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған

Астана. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Каспийде 2012 жылы теңіздегі жүк тасымалы көлемін 65 млн тоннаға дейін ұлғайту көзделген болса, Қазақстан тасымалының үлесі 50% төмен емес. Бұл жөнінде бүгін "Еуропа мен Азия арасындағы көлік-коммунициялық кешен дамуындағы Қазақстанның геостратегиялық мүмкіндіктері" атты дөңгелек стөлінде ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді деп хабарлайды агенттік тілшісі

  • 6 Қараша 2007
  • 339
Фото - Caravan.kz

Тілшінің хабарлауы бойынша, Ж. Қасымбек атап өтекеніндей, бүгінгі таңда Каспий арқылы жасалатын тасымал көлемі 28-30 млн тоннаны құраса, оның 11 млн тоннасы Ақтау портына тиесілі. Негізінен «экспортқа мұнай, металл және бидай шығарылуда. «Транзиттік жүк Ақтау портынан жіберілмейді» -дегенді вице-министр атап өтті.

Сонымен қатар Ж. Қасымбек «Иран бағытындағы транзитті және ресейлік транзитін тарту үшін, Өзеннен Түркіменстан жаққа шойын жолын төсеп, оны Иранға дейін жеткізу жоспарланып отыр»деді. Аталған теміржолды салу туралы Декларацияға 15 қазанда өткен Каспий мемлекеттері басшыларының саммитінде ел басшылары қол қойған.

«Біздің есептеуімізше, бұл жолдың құрылысы Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін арттырып қана қоймай, Иран бағытындағы Батыс Сібірдің транзитін тартуы ықтимал», — деді вице-министр.

Сонымен қатар Ж. Қасымбек «Иран бағытындағы транзитті және ресейлік транзитін тарту үшін, Өзеннен Түркменстан жаққа шойын жолын төсеп, оны Иранға дейін салу жоспарланып отыр»деді. Аталған теміржолды салу туралы Декларацияға 15 қазанда өткен Каспий мемлекеттері басшыларының саммитінде мемлекет басшылары қол қойған.

«Біздің есептеуімізше, бұл жолдың құрылысы Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін арттырып қана қоймай, Иран бағытындағы Батыс Сібірдің транзитін тартуы мүмкін», — деді вице-министр.

Сонымен қатар, жағалау мен порттың инфрақұрылымын дамыту мақсатында, Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейтуге арналған жоба қолға алынды.

Ж.Қасымбек «2009 жылы біз Ақтау портының өткізу мүмкіндігін екі есеге арттырып, оның жылдық көлемін 23 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз» деген ақпарды жеткізді.

Оған қосымша, «Каспийдің Қазақстанға тиесілі аумағында теңіз операцияларын қолдау үшін, Баутино портын дамыту көзделген. Баутино сауда портына айналмайды, ол қайраңда жұмыс істеп жатқан «Аджип» және тағы басқа компаниялардың операцияларын қолдауға бағытталады» деді вице-министр.

Вице-министрдің сөзіне сүйенсек, Баку-Тбилиси-Жейхан жобасына қатысу мақсатында жылдық қуаттылығы 20 млн тонна мұнай қую терминалы мен Құрық портын дамыту жайы да ойластырылуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті