Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Аgip КСО концернінен іс-қызметін тоқтатуды талап етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Аgip КСО концернінен  іс-қызметін тоқтатуды талап етеді

Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Аgip КСО концернінен іс-қызметін тоқтатуды талап етеді

Астана. 6-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, егер экологиялық заң бұзушылықтар 22-қарашаға дейін жойылмаса, Аgip КСО концернінен іс-қызметін тоқтатуды талап етеді. Бұл туралы бүгін мәжілістің экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы барысында мекеме басшысы Нұрлан Ысқақов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 6 Қараша 2007
  • 356
Фото - Caravan.kz

Ол, бұрын Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қашаған кенішін игеру жөніндегі операторы — Аgip КСО концернінің экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін оған табиғатты пайдалануға берілген рұқсатты 3 айға тоқтатқандығын еске сала кетті. Министр салынған тыйым 22-қарашада алынатындығын нақтылап өтті.

«Егер осы уақытқа дейін біздің сұрақтар бойынша табылмаса, онда біз Экологиялық кодекске сәйкес, аталмыш кәсіпорынның кез-келген эмиссиясын тоқтата аламыз», деп мәлім етті министр.

«Яғни, бұл кәсіпорын толығымен тоқтатылады деген сөз»,- деп қосты Н. Ысқақов.

«Олар қазір барлық көлем бойынша он есе айыппұл төлеп, жұмыс істей алады»,- деп қорытындылады ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті