Кришнаиттарға бір апта ішінде Қарасай ауданындағы жерді босату міндеттелді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кришнаиттарға бір апта ішінде Қарасай ауданындағы жерді босату міндеттелді

Кришнаиттарға бір апта ішінде Қарасай ауданындағы жерді босату міндеттелді

Алматы. 6-қараша. "Қазақстан Бүгін" - "Общество сознания Кришны" діни ұйымы бір апта ішінде Алматы облысының Қарасай ауданындағы қоғамның фермасы орналасқан жерді босатуға тиіс. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "Общество сознания Кришны" ұйымының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Қараша 2007
  • 458
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, үстіміздегі жылдың 4-қарашасында осы жердің бұрынғы иесі Ермек Әбдіхалықов, кришнаиттардың фермаларына барып, қоғамның фермадан кетуілеріне бір апта уақыт беретіндігін мәлім еткен, себебі облыстық сот оның шағымын қанағаттандырған.

Бұрын хабарлағанымыздай, Алматы облысының соты 23-қазанда Е. Әбдіхалықовтың шағымын қанағаттандырып, оның бұрын кришнаиттарға сатқан жерін өзіне қайтару туралы шешім қабылдаған болатын. Нәтижесінде 1999 жылғы сатып алу-сату жөніндегі келісім шарт күшсіз деп танылып, 47 гектар жер бұрынғы иесіне қайтарылған болатын.

Бұрын осы сот аталмыш жерді мемлекеттік жер резервіне беру туралы шешім шығарған болатын. Енді сот шағым беру мерзімі 22 ай бұрын өтіп кеткен Е. Әбдіхалықовтың шағымын қарауға алған, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

«Әбдіхалықовтың шағымының қанағаттандырылуы егер жерді алу қажет етілсе, онда елдегі сот жүйесін қолшақпар етуге болатындығының тағы бір дәлелі»,- деп санайды діни ұйымның мүшелері.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Е. Әбдіхалықов кришнаиттардың фермасына келген кезде оның қасында Батыр деген адам ере келген, ол осыған дейін фермаға келіп, өзін «Астанадан келген мүдделі тарап» ретінде таныстырған болатын. Олардан өздерін ресми түрде таныстыруды сұрағанда, оны Е. Әбдхалықов қана жасаған.

«Ферма аумағын аралаған олар қазақ ұлтты кришнаитқа, оның мұсылман бола тұра, қалайша индуизм дінін ұстанушы болғандығы туралы сауалдар қойған. Одан кейін олар: » жерді босатыңдар, жетеді» деп мәлім еткен. Осы мәлімдемеден кейін олар қаладан фермаға келе жатқан қоғамның төрағасын күтпестен кетіп қалған»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

«Қазақстанның шенеуніктері кришнаиттардың жерлері балалар үйінің пайдаланылуына берілгендігі туралы талай айтты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының АҚШ-дағы төтенше және өкілетті елшісі Е. Ыдырысов үстіміздегі жылдың қазанында Вашингтонда өткен АҚШ конгрессіндегі тыңдалым кезінде хабарлаған болатын»,- деді баспасөз қызметіндегілер.

Діни қоғамның баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Дін істері жөніндегі комитет төрағасы Е. Тұғжанов Астанада үстіміздегі жылдың 1-қарашасында өткен «Общества сознания Кришны» өкілдерімен кездесуі кезінде де осы мәлімдемені қайталаған болатын. Ол: «Бұл жер мемлекетке қажет. Мемлекет бұл жерді оңайшылықпен бер салмайды»,- деген болатын.

Дін істері жөніндегі комитет «Общество сознания Кришны» ұйымына мемлекеттің тәркілеген 47 гектар жеріне өтем ретінде Талғар ауданынан 2 гектар жер ұсынғандығын мәлім еткен болатын. «Мемлекет қоғамның өз жерінде қалуына мүмкіндік беріп, балалар үйін неге Талғар ауданына орналастырмайды деген сауалға, шенеуніктер берер жауабы біреу-ақ: жер телімі сот шешемімен тәркіленген»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Діни қоғамдағылар «Әлемнің әр тарабындағы индуизмді ұстанушылар, осы жолы көшіруге күш қолданылуы мүмкін, деп қауіптенуде. Егер мұндай болған жағдайда, күш қолданудың барлық жауапкершілігі Е. Әбдіхалықовқа ғана жүктеледі, ал билік шетте қалмақ. Сөйтіп, Е. Әбдіхалықовтың қолымен кришнаиттар жерлерінен қуылып шығарылады, ал осыдан кейін прокуратура 23-қазандағы шешімге қатысты наразылық білдіріп, жер қайтадан мемлекетке қайтарылады»,- деген болжам жасауда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті