«6-қараша күні премьер-министр Кәрім Мәсімовтың жетекшілігімен өткен Қазақстан Республикасы үкіметінің отырысында «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді», — деп көрсетілген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
«Үкімет сондай-ақ, озық жобаларды жүзеге асыруға қатысты шешімдерді қарастыру және қабылдау процесін қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға қатысты шаралар жоспарын қабылдады», — деп атап көрсетілген құжатта.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, үкімет бекіткен мемлекеттік бағдарламада «экономиканы әртараптандыру және модернизациялау үшін озық макрожобаларды жүзеге асыру барысындағы мемлекет пен бизнес-қауымдастық арасындағы өзара ықпалдастық пен ынтымақтастықтың жаңа үлгісі көрініс тапқан». «Бағдарламаны жүзеге асырудың алғышарты мемлекет пен бизнестің серіктестігі негізінде экономиканы мемлекеттік ынталандырудың жаңа құралдарын әзірлеу және енгізу болып табылады», — деп атап көрсеткен баспасөз қызметі.
«Қазір бағдарламаның концепциясын дайындау және оны бекіту жұмыстары жүргізілуде. Экономикалық дамудың жаңа кезеңінің қажеттіліктеріне сай барлық мемлекеттік органдарды бағдарламаның жүзеге асуына белсенді түрде ықпал көрсетуге шақырамын», — деп үкіметтің баспасөз қызметі Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың сөзін келтіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті