Мәжіліс Қазақстан үкіметі мен Азия Даму банкі арасындағы техникалық көмек жөніндегі негіздемелік келісімді бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Қазақстан үкіметі мен Азия Даму банкі арасындағы техникалық көмек жөніндегі негіздемелік келісімді бекітуді мақұлдады

Мәжіліс Қазақстан үкіметі мен Азия Даму банкі арасындағы техникалық көмек жөніндегі негіздемелік келісімді бекітуді мақұлдады

Астана. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен жалпы отырыста мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Азия Даму банкі арасындағы техникалық көмек жөніндегі негіздемелік келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

  • 7 Қараша 2007
  • 418
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан үкіметі мен банк, осы қаржылық институт тарапынан көрсетілетін барлық техникалық көмектің жалпылама шарттарының жиынтығын бекіту үшін 1995 жылдың 5 қазанында техникалық көмек туралы негіздемелік келісімге қол қойды», — делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Қорытындыда атап көрсетілгеніндей, «техникалық көмекті консультанттар жүзеге асырады». Осы орайда «негіздемелік келісімге қосымшада консультанттарға бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар қарастырылған».

Атап айтсақ, қосымшаның 7 бөліміне сәйкес, «консультанттарға қатысты мынадай шаралар қолданылмайды : техникалық көмек аясында іске асырылған барлық іс-әрекеттерге қатысты сот тарапынан қудалау жасалмайды; иммиграциялық шектеулер; шетелдік азаматтарды тіркеуге қатысты талаптар; шетел валютасын елге әкелу немесе алып шығу тәртіптері».

Қосымшаның 9 бөліміне сәйкес, «Қазақстан үкіметі консультанттарды кез-келген техникалық көмекті жүзеге асыруға байланысты барлық салықтар, алымдар мен басқа да төлемдерді төлеу шығындарынан босатуға, техникалық көмекті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы аумағына кез-келген жабдықтар, көлік құралдары мен материалдарды енгізуге қатысты шығындардан босатуға міндеттеме жүктейді».
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті