Иракта болған уақытта "Казбриг" 4 млн жуық жарылғыш қаупі бар заттарды жойды - ҚР Қорғаныс министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иракта болған уақытта "Казбриг"   4 млн жуық жарылғыш қаупі бар заттарды жойды  - ҚР Қорғаныс министрлігі

Иракта болған уақытта "Казбриг" 4 млн жуық жарылғыш қаупі бар заттарды жойды - ҚР Қорғаныс министрлігі

Астана. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Иракта болған уақытта Қазақстанның "Казбриг" бітімгершілік бригадасы 4 млн жуық жарылғыш қаупі бар заттарды жойды. Бүгін осы бригада жауынгерлерінің АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы, адмирал Вильям Фэллон басқарған АҚШ әскери делегациясымен кездесуі барысында осындай мәліметтер жария етілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Қараша 2007
  • 498
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның «Казбриг» бітімгершілік бригадасының күшімен лаңкестік топтардың коалициялық күштерге және Ирак халқының өзіне қарсы қолдануы мүмкін болған 4 млн жуық жарылғыш қаупі бар заттар жойылды», — делінген қорғаныс мекемесі таратқан хабарламада.

Бұған қоса, құжатта нақтыланғанындай, «Казбриг» жауынгерлері Ирактың 2,5 мыңнан астам бейбіт тұрғындарына дәрігерлік көмек көрсетіп, «арасында ирактықтармен қатар көп ұлтты бітімгершілік коалицияның әскерилері де бар 300 -ден астам адамды инженерлік іске баулыды».

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазақстандық бітімгершілер Иракта 2003 жылдан бері бітімгершілік миссия атқаруда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті