Оңтүстік-Шығыс Азия компаниялары өз жүктерін Қазақстан арқылы жөнелтуді жөн санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік-Шығыс Азия компаниялары өз жүктерін Қазақстан арқылы жөнелтуді жөн санайды

Оңтүстік-Шығыс Азия компаниялары өз жүктерін Қазақстан арқылы жөнелтуді жөн санайды

Астана. 6-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік-Шығыс Азияның ірі компаниялары өз жүктерін Қазақстан арқылы жөнелтуді жөн санайды. Бұл туралы бүгін "Қазақстанның Еуропа мен Азияның арасындағы транспорттық-коммуникациялық кешенді дамытудағы геостратегиялық мүмкіншілігі" атты "дөңгелек үстел" барысында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті Жаксыбек Күлекеев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 7 Қараша 2007
  • 556
Фото - Caravan.kz

«Біз өз мүмкіншіліктерімізді жарнамалап, Оңтүстік Корея, Оңтүістік-Шығыс Азия сияқты үлкен жүк жөнелтушілерден Қазақстан арқылы жүк ағымдарын ала бастадық»,- деді Ж. Күлекеев. «Мысалы, біз бүгінде өзбектің автокәсіпорындары үшін жүктің 100 пайызын Қазақстан арқылы жөнелтеміз деп сеніммен айта аламыз. Бұл үлкен жетістік»,- деп түсіндіріп өтті ол. Сонымен қатар, Ж. Күлекеевтің айтуынша, «біз LG компаниясының жүктерінің 90 пайызын алдық, және де «Самсунг» сияқты жапонияның электртехникаларын тасымалдаушылар өз жүктерін Қазақстанға Қытай арқылы жүргізе бастады».

Қазақстан темір жолының бастығы, Қазақстан Транссибир магистралімен салыстырғанда ұтып отырғандығын атап көрсетті. «Батыс Қытайдан, Қытайдың шығысынан, оңтүстігінен келетін жүктерді Мәскеуге біз бүгінде 14 күн ішінде жеткіземіз, ал Транссибир магистралі бойынша 4 — 5 күн ұзақ жүреді»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті