Маңғыстау облысында 31 мыңнан астам АҚШ долларын алып өту дерегінің жолы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында 31 мыңнан астам АҚШ долларын алып өту дерегінің жолы кесілді

Маңғыстау облысында 31 мыңнан астам АҚШ долларын алып өту дерегінің жолы кесілді

Ақтау. 7-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысында 31 мыңнан астам АҚШ долларын алып өту дерегінің жолы кесілді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Маңғыстау облысының кедендік бақылау департаментінің ұйымдастыру жұмыстары және бақылау бөлімінің бастығы Мақсат Ақмұратов хабарлады.

  • 7 Қараша 2007
  • 349
Фото - Caravan.kz

«Маңғыстау облысының кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасы мен «Әуежай-Ақтау» кедендік постының қызметкерлері Ақтау — Фужейрах бағытындағы рейске тіркеу жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының азаматы ұсталған, ол декларацияда өтірік ақпарат көрсетіп, кедендік бақылаудан жасыру жолымен Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан шетелдік валюта алып өткен»,- деп хабарлады М. Ақмұратов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта аталмыш дерекке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті