МЗЖҚ нарықтағы үлес көрсеткіші жоғары (17,2%).
«Қор салымшыларының санын көрсететін міндетті зейнетақы төлемдері бойынша жеке зейнетақы есеп-шоттары жағынан МЗЖҚ алдыңғы орында. Бүгінде ол 2.3 млн тенгеге жетіп, нарық бойынша 26 % құрайды» деп қорда түсіндірілді.
Ал зейнетақы төлемдерінің көлемі жағынан 2007 жылдың 1 қазанында 15 млрд тенгеге жетті. Бұл басқа қорлармен салыстырғанда анағұрлым жоғары.
МЗЖҚ мәліметтері бойынша, қордың инвестициялық саясаты зейнетақы активтерінің тұрақты ұлғаюына және сақталуына бағытталған. Инвестициялық қызметінің негізгі қағидасы консервативтік салым саясатына негізделген, сол арқылы тәуекелі мейлінше төмендетіліп, жоғары табыс табуға қол жеткізіледі. Есеп беру кезеңі кезінде анықталғанындай, салымшылардың есеп-шоттарына аударылған инвестициялық табыс көлемі 67,6 млрд теңгені құрады.
«Қордың жеке капиталындағы 5,4 млрд тенге олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етіп отыр. Ал жеке жеткілікті капитал коэффиценті К 1 белгіленген ең төменгі көрсеткіштен 8 есеге артық болып 0,082 ге жетті», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
МЗЖҚ 1997 жылдың 24 қырқүйегінде құрылып, ҚР үкіметі, ҚР Ұлттық Банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі оның акционерлері ретінде тіркелді. Қазақстан бойынша қордың 28 аймақтық бөлімшелері бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті