«Бүгінгі жағдайға біз алаңдаулымыз. Білім беру саласы жергілікті бюджеттен қаржылдандырылатыны белгілі. Аудандық билік өкілдері ұстаздарға төленетін қаржыны табулары керек», — деді ОҚО білім беру департаментінің орынбасары Владимир Доронин.
Бұдан бұрын Сарыағаш ауданында аудандық мәслихат депутаттары мен аудан әкімдігі қызметкерлерінің бірлескен жиналысы өткен. Онда білім беру саласы қызметкерлеріне еңбекақының берілмей жатқандығы туралы мәселе талқыланды.
Аудандық мәслихат депутаты Төребай Османовтың пікірінше, бұл жағдайда әкімдік қызметкерлерінің қатесінен туындаған. » Бәлкім, мұндай жағдай экономика бөлімдегілердің кәсіби біліктілігінің төмендігімен байланысты болуы мүмкін. Қаржы бөлу кезінде қателерге жол берілген», — деді ол.
Сондай-ақ айтылғанындай, салық комитеті төлемдер пен салық жинау жоспарын орындамаған. «Бұл жоспарды орындау үшін, жыл соңына дейін біздерге 94 млн тенге жетпей отыр», — деп хабарлады аудандық салық комитеті бастығының орынбасары Болат Мұкашев.
Аудандық білім басқармасының бастығы Сапарәлі Сұлтанов құлағдар еткеніндей, ауданда 6,5 мың адам еңбек етіп, оларға төленетін еңбек ақы қарызы 345 млн тенгені құрайды.
Депутаттар бюджеттен спорт, мәдениет, ауыл шаруашылық, ішкі саясатқа бөлінген қаржыны қысқарту мәселесін де талқылады.
«Жақын уақытта қаржы табылып, білім беру саласы қызметкерлері алдындағы еңбекақы қарыздары өтеледі деген сенімдемін», — деді В. Доронин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті