2008 жылдың қаңтарында Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери ынтымақтастықтың кезекті бес жылдық жоспарына қол қою жоспарлануда - Қорғаныс министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008 жылдың қаңтарында Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери ынтымақтастықтың кезекті бес жылдық жоспарына қол қою жоспарлануда - Қорғаныс министрлігі

2008 жылдың қаңтарында Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери ынтымақтастықтың кезекті бес жылдық жоспарына қол қою жоспарлануда - Қорғаныс министрлігі

Астана. 7-қараша. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы әскери ынтымақтастықтың кезекті бес жылдық жоспарына қол қою жоспарлануда. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне бүгін қорғаныс министрінің орынбасары Болат Сембиновтың АҚШ-ның Орталық қолбасшылығының қолбасшысы, адмирал Вильям Фэллон бастаған АҚШ-ның әскери өкілдерімен кездесуінің аяқталуына орай Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Қараша 2007
  • 526
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан мен АҚШ-тың әскери саладағы қатынастарының маңызды бір мәселе — келесі жылдың қаңтарындағы екіжақты қорғаныс консультациясы барысында 2008-2012 жылдарға арналған ынтымақтастықтың кезекті бес жылдық жоспарының қол қою болып табылады, бұл Қазақстан мен АҚШ әскери саласындағы жемісті ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бекем негізді құрайды»,- деп айтылған баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Құжатта атап көрсетілгендей, Б. Сембиновтың американдық әскери өкілдермен кездесуі барысында «екі жақты ынтымақтастықтың келешегі» талқыланған. «Екі жақты ынтымақтастық аясында АҚШ-ның Қарулы күштерінің іс-қызметі мәселелері жөніндегі озық тәжірибелерді зерделеуге бағытталған ақпарат алмасуға байланысты іс-шаралар санын өсіру жоспарлануда, жалпы Қазақстан Республикасы мен АҚШ қорғаныс мекемелерінің арасындағы 2008 жылға арналған әскери байланыстар жоспарына сәйкес 80-нен астам іс-шара жүргізу қарастырылған, олардың 50-ге жуығы Қазақстанда өтеді»,- деп түсіндірілген баспасөз баянында.

Баспасөз қызметіндегілер, үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасы мен АҚШ-ның арасындағы 2003 жылы Александрияда қол қойылған бес жылдық әскери ынтымақтастық жоспарын жүзеге асырудың қорытындысы жасалғандығын еске сала кетті. «Осы кезеңде Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген. Атап айтқанда, «Халықаралық әскери білім беру және дайындық» бағдарламасын жүзеге асыру аясында АҚШ-ның Қарулы күштерінің әртүрлі әскери оқу орындары мен арнаулы оқу орталықтарында 200-ден астам қазақстандық әскери қызметкерлер дайындықтан өткен»,- деп атап өтті Қорғаныс министрлігіндегілер.

Сонымен қатар, баспасөз қызметіндегілер осы жоспар аясында «әскери техникалар, арнайы құрал-жабдықтар мен мүліктер тасымалдау жөніндегі әскери-техникалық бағдарлама жүзеге асырылғандығын» атап өтті. «Аэромобильдік әскердің бітімгершілік әлеуетін көтеру үшін Атыраудағы «Батыс» аймақтық қолбасшылығы инфрақұрылымдарының нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 50-ден астам «Хаммер» көлігі, арнайы құралдар мен саймандар жеткізілген, сондай-ақ үстіміздегі жылдың қарашасында екі «Хьюи-2″ тік ұшағын әкелу жоспарланған»,- деп нақтыланған құжатта.

«Қазақстанның бітімгершілік күштерінің НАТО елдерінің қарулы күштерімен жедел үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған үлкен іс-шаралар жүргізілгендігін де атап өту қажет»,- деп қосты баспасөз қызметіндегілер. «Осы мақсатта Қазақстан аумағында «Баланс Жәрдем» (2005 жылы), «Аймақтық ынтымақтастық» (2007 жылы) атты біріккен жаттығулар өткізілген»,- деп нақтылады Қорғаныс министрлігіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті