Ормандардың жағдайын мемлекеттік басқару мен бақылаудың қолданыстағы жүйесі орман қорын пайдалану заңдылығын қамтамасыз ете алмай отыр - Бас прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ормандардың жағдайын мемлекеттік басқару мен бақылаудың қолданыстағы жүйесі орман қорын пайдалану заңдылығын қамтамасыз ете алмай отыр - Бас прокуратура

Ормандардың жағдайын мемлекеттік басқару мен бақылаудың қолданыстағы жүйесі орман қорын пайдалану заңдылығын қамтамасыз ете алмай отыр - Бас прокуратура

Астана. 7-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ормандардың жағдайын мемлекеттік басқару мен бақылаудың қолданыстағы жүйесі орман қорын пайдалану заңдылығын, оның сақталуы мен өсіруді іс жүзінде қамтамасыз ете алмай отыр. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті.

  • 7 Қараша 2007
  • 775
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Бас прокуратура орман және аң шаруашылығы комитетімен бірлесе отырып орман қорын қорғау және пайдалану, орманды өсіру және отырғызу саласына бақылау жасайтын мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізді.

С.Нұпейісовтың түсіндіруінше, мәселен, Орман кодексіне сәйкес, орманды жайластыру, баптау және толықтыру шараларын жүргізбей орман шаруашылығымен айналысуға тыйым салынған. Бұл міндетті талап. Ұлттық табиғи саяжайлар мен резерваттарда орманды жайластыру жұмыстарының қайталану мерзімдері 10-15 жыл болса, ал мемлекеттік тибиғи қорықтарда ол — 20-25 жыл.

Тексеру орман шарушалағының 18 мемлекеттік мекемесі осы уақытқа дейін орманды орналастырумен қамтылмағанын көрсетті, ал 92 орман иеліктерінде олардың мерзімдері өтіп кеткен.

Сонымен қатар, экологиялық сараптамадан өткізілмеген орманды жайластыру мен күтіп-баптау, қорғау жобаларын іске асыру фактілері де кең етек алып отыр.

Мысалы, прокурорлық тексеру кезінде «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының орманды орналастыру жобасының сараптамалық тиісті қорытындысы болмаған. Осыған қарамастан, жаңа орманды орналастыру жобасына сәйкес орман шаруашылығын жүргізу бойынша барлық жұмыстар толық көлемде қаржыландырылған, осы жылдың тек 6 айында ғана бұл сомма 289 миллионға жуық теңгені құрады.

Тексеру нәтижелері жергілікті атқару органдарының тараптарынан 2005-2007 жылға арналған «Жасыл Ел» республикалық бағдарламасы үстірт жүргізіліп жатқанын анықтап отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті