Қазақстанның шекарашылары Қырғызстанға 32 тонна спирт алып өтпек болғандардың жолын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның шекарашылары Қырғызстанға 32 тонна спирт алып өтпек болғандардың жолын кесті

Қазақстанның шекарашылары Қырғызстанға 32 тонна спирт алып өтпек болғандардың жолын кесті

Астана. 7-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның шекарашылары Қырғызстанға 32 тонна спирт алып өтпек болған контрабандашылардың жолын кесті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара мекемесінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Қараша 2007
  • 402
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, екі КамАЗ жүк көлігіне тиеп, контрабандалық жолмен спирт алып өтпек болған Қазақстанның екі азаматын «Қайнар» күзетінің шекарашылар жасағы қолға түсірген. Сонымен, қатар, павлодарлық шекарашылар «Өрлітөбе авто» шекара бақылау пунктінде психотроптық зат алып өтпек болған Ресей азаматын ұстаған.

«Қазақстаннан Ресейге бет алған ресейлікті тексеру барысында оның күртешесінің қалтасынан күлгін түсті 42 таблетка салынған полиэтиленді дорба табылған. Таблеткалар сараптамаға жіберілді, ал құрықталған ресейлікпен өкілетті органдар айналысуда»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті