Шығыс Қазақстан облысында электр қуатының ұрлығын анықтау жөніндегі рейд кезінде тексерушіге шабуыл жасалған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында электр қуатының ұрлығын  анықтау жөніндегі рейд кезінде тексерушіге шабуыл жасалған

Шығыс Қазақстан облысында электр қуатының ұрлығын анықтау жөніндегі рейд кезінде тексерушіге шабуыл жасалған

Семей. 7-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында электр қуатының ұрлығын анықтауға қатысты жүргізілген рейд кезінде "Шығыс Қазақстан аймақтық энергетика компаниясы" АҚ қызметкеріне шабуыл жасалған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады. Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, рейд шараларын жүргізу барысында энергетика компаниясының қызметкерлері Үржар аулындағы үйлердің бірінен электр қуатын пайдалану ережесінің бұзылғандығын анықтаған.

  • 7 Қараша 2007
  • 373
Фото - Caravan.kz

«Тексеру барысында үй иесі балағат сөздер айтып, қорқытып, компания қызметкерінің жұмыс істеуіне кедергі жасаған. Осыдан кейін тұрғындардың бірі компания қызметкеріне қол жұмсаған. Жәбірленуші болған оқиға туралы Үржар АІІБ арыз берді»,- деді Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясындағылар. Компания басшылығы Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті мен Шығыс Қазақстан облысының прокурорына оқиғаны әділ қарап, кінәлілер қатысты тиісті шаралар қабылдауды өтініп хат жолдады, деп хабарлады баспасөз қызметінен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті