Қазақстанның Монғолиядағы елшісі Монғолия президентіне сенім грамотасын табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның  Монғолиядағы  елшісі  Монғолия президентіне сенім грамотасын табыс етті

Қазақстанның Монғолиядағы елшісі Монғолия президентіне сенім грамотасын табыс етті

Астана. 8-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ұлан-Баторда Қазақстан Республикасының Монғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі Орман Нұрбаев Монғолия президентіне сенім грамотасын табыс етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ресми ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып.

  • 8 Қараша 2007
  • 840
Фото - Caravan.kz

Табыс ету салтанатына президент әкімшілігінің басшысы, Монғолияның сыртқы істер министрі және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Табыс ету салтанатынан кейін болған әңгіме барысында Монғолия президенті өзінің таяудағы Астанаға барған мемлекеттік сапары аясындағы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуін аса жылылықпен еске алды.
Монголия жағы қол жеткізілген келісім шарттардың, соның ішінде Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келесі жылы Монғолияға ресми сапарын ұйымдастырудың ойдағыдай жүзеге асырылуына сенім білдірді. Сондай-ақ тамырлас екі елдің өзара сауда-экономикалық және мәдение ықпалдастығының әртүрлі қырлары туралы сөз қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті