Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар шекара бұзған Өзбекстанның 90 азаматын қолға түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар шекара бұзған Өзбекстанның 90 азаматын қолға түсірді

Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар шекара бұзған Өзбекстанның 90 азаматын қолға түсірді

Астана. 8 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында "Атакент" шекара заставасында 7 қарашада шекарашылар Өзбекстанның 90 азаматын шекара бұзғаны үшін қолға түсірді. Бұл туралы агенттікке ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Қараша 2007
  • 378
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, көрші елдің азаматтары шекарадан өткізу бекеті жоқ жерден жаяулай өткен. Олар шекара бұзу себептерін жұмыс іздеп келгендігімен түсіндірген.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, шекара бұзушыларда жеке бастарын куәландыратын құжаттары жоқ. Өзбекстан азаматтары тексеру жұмыстары үшін Мақтаарал аудандық ІІБ-ына жіберілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті