Тексеру Алматыдағы ЮНИСЕФ кеңсесіне келетін сәлемдемелерді қауіпсіз екендігін анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тексеру Алматыдағы ЮНИСЕФ кеңсесіне келетін сәлемдемелерді  қауіпсіз екендігін анықтады

Тексеру Алматыдағы ЮНИСЕФ кеңсесіне келетін сәлемдемелерді қауіпсіз екендігін анықтады

Астана. 8-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Тексеру Алматыдағы ЮНИСЕФ кеңсесіне келетін сәлемдемелердің қауіпсіз екендігін анықтады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 8 Қараша 2007
  • 374
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, «7-қарашаның 18.00 жағдаймен жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижелері, өте қауіпті инфекциялардың қоздырғыштарының табылмағандығын, формальдегид құрамы тиісті мөлшерден аспайтындығын көрсетіп отыр, сондай-ақ металдардың бос тұздары да табылмаған».

Бұрын хабарлағанымыздай, 5-қарашада ЮНИСЕФ Португалиядан сәлемдеме келген болатын. Оны қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері тексеру кезінде металлодетектор іске қосылған болатын. Күзетші сәлемдемені ашып, пошта қорабшасындағыларды мұқият тексеруге кіріскен. 20 минут өтісімен ол өзін нашар сезіне бастаған. Оқиға болған жерге шұғыл түрде Ішкі істер департаментінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, санитарлық-эпидемиологиялық станцияның және басқа да қызметтердің қызметкерлері шақырылған. Жүргізілген арнайы шаралар барысында, сәлемдемеде ерекше иісі бар мата орамалдардың болғандығы белгілі болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті