Парламент Кеден кодексіне енгізілетін түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Кеден кодексіне енгізілетін түзетулерді қабылдады

Парламент Кеден кодексіне енгізілетін түзетулерді қабылдады

Астана. 8-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Кеден кодексіне өзгертулер енгізу туралы" заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 8 Қараша 2007
  • 328
Фото - Caravan.kz

Бұрын хабарлағанымыздай, бүгін палата аталмыш құжатты бірінші оқылымында мақұлдаған болатын. Сөйтіп, парламент заңды қабылдап, мемлекет басшысының қол қоюына жібереді.

Естеріңізге сала кетейік, «Кедендік кодекске енгізілетін өзгертулермен 316-баптың 1-тармағының 7 тармақшасы мен 383 баптың 1-тармағының 5 абзацын қысқарту ұсынылған».

Заң жобасының авторлары — парламент депутаттарының тобы, Қазақстан Республикасының Кедендік кодексінің 316-бабы «мәлім етілген кедендік құнды растау үшін құжаттар ұсыну» мен 383-бабының «таңдап алынған кедендік режимнің талаптарына сәйкес құжаттар ұсыну» жөніндегі жекелеген нормаларын жүзеге асыру «Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және әкетілетін тауарларды кедендік рәсімдеуді қиындатып, орындалуы мүмкін емес жағдайға әкеп соқтыратындығын » түсіндірген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті