2012 жылы бюджетке түсетін салық түсімдерінің Жалпы ішкі өнімге шаққандағы арақатынасы 27% құрауға тиіс - Салық комитеті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2012 жылы бюджетке түсетін салық түсімдерінің Жалпы ішкі өнімге шаққандағы арақатынасы   27% құрауға тиіс - Салық  комитеті

2012 жылы бюджетке түсетін салық түсімдерінің Жалпы ішкі өнімге шаққандағы арақатынасы 27% құрауға тиіс - Салық комитеті

Астана. 8 қараша. "Қазақстан Бүгін" - 2012 жылы бюджетке түсетін салық түсімдерінің Жалпы ішкі өнімге шаққандағы арақатынасы 2006 жылғы 21,8%-тен 27%-ке жетуге тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінде (ҚМСК) өткен кеңесте комитет төрағасы Нұрлан Рахметов мәлімдеді.

  • 8 Қараша 2007
  • 984
Фото - Caravan.kz

«2012 жылы бюджетке түсетін салық түсімдерінің Жалпы ішкі өнімге шаққандағы арақатынасын 27%-ке жеткізуді көздеп отырмыз, ал 2006 жылы ол 21,8% құраған, -деді ол.

Н. Рахметовтың айтуынша, «ресми бағалауға сәйкес, көлеңкелі экономиканың көлемі Жалпы ішкі өнімге шаққанда 21,3%-ке тең». «Бұл ҚР ҚМ СК-нің құзыретіндегі салық түсімдері бойынша біздің қосымша резервтерімізді Жалпы ішкі өнімге шаққанда, 21,8% (2006 жылғы Жалпы ішкі өнімге шаққандағы арақатынас) х 21,3% = 4,6% яғни, шамамен 5% деген сөз. Яғни, мақсатты көрсеткіш «22% плюс 5% = 27%» деген санға, стратегиялық мақсат қоятын болсақ, қол жеткізуге болады», — деді ол.

Комитет басшысының айтуынша, 2007 жылғы бағалармен салыстырғанда » бұл 5% экономикалық өсімнің есебінен емес, әкімшілік басқаруды жақсарту есебінен бюджетке түсетін қосымша түсімдер шамамен 700 млрд теңгені құрайды деген сөз». «Бұл аса ауыр әрі күрделі, бірақ, шешуге болатын міндет», — деді ол.

Оның есептеуінше, салық түсімдері бойынша мақсатты көрсеткіштер мынадай болуға тиіс : 2008 жылы — 3,7 трлн теңге, 2009 жылы — 5,2 трлн, 2010 жылы — 7,1 трлн, 2011 жылы — 9,4 трлн, 2012 жылы — 12,3 трлн теңге. Ал 2006 жылы бұл көрсеткіштер 2,2 трлн теңге болған. «Сөйтіп, 2012 жылы біз өзіміздің құзыретіміздегі салық түсімдері бойынша 2006 жылғы дерекпен салыстырғанда 5,5 есе артық өсімге қол жеткізуге тиіспіз», — деді Н. Рахметов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті