Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби АІІБ басшылары қызметтен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының  Төлеби АІІБ басшылары қызметтен босатылды

Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби АІІБ басшылары қызметтен босатылды

Шымкент. 8 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби АІІБ басшылары қызметтен босатылды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ОҚО ІІД-нің баспасөз хатшысы хабарлады.

  • 8 Қараша 2007
  • 631
Фото - Caravan.kz

Баспасөз хатшысының айтуынша, 6 қарашада облыстық әкімшілікте Маятас ауылында болған жаппай тәртіпсіздіктер жөніндегі мәселеге арналған штабтың отырысы болып өтті. Облыс әкімі Нұрғали Әшімов Төлеби АІІБ басшыларына тәртіптік жауапкершілік жүктеуді ұсынды.

«Осыған байланысты ОҚО ІІД төрағасы Химратулла Досқалиев бұйрық шығарып, соған сәйкес Төлеби АІІБ бастығы, полковник Жақсылық Намазбаев пен оның орынбасары қызметтерінен босатылды», — деді ІІД-нің баспасөз хатшысы. АІІБ бастығы болып полковник Асылхан Қалаубаев тағайындалды, ол бұған дейін оперативтік басқару орталығы төрағасының орынбасары болған.

Сонымен бірге, облыс әкімі ОҚО денсаулық сақтау департаментінің директоры Вячеслав Дудникке зардап шеккен баланы ауруханаға жатқызу оқиғасына қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды. Бұған қоса Н. Әшімов зардап шеккен баланың отбасына арнап коммуналдық баспана бөлуді тапсырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті