Қазақстан мен Қытай биотехнологиялар мен уран ресурстарын игеру салаларындағы ынтымақтастық аясын кеңейтпекші - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытай биотехнологиялар мен уран ресурстарын игеру салаларындағы ынтымақтастық аясын кеңейтпекші

Қазақстан мен Қытай биотехнологиялар мен уран ресурстарын игеру салаларындағы ынтымақтастық аясын кеңейтпекші

Астана. 8 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Қытай биотехнологиялар мен уран ресурстарын игеру салаларындағы ынтымақтастық аясын кеңейту жөніндегі келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 8 Қараша 2007
  • 472
Фото - Caravan.kz

Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің 4 -ші отырысының қорытындысы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚХР Ғылым және техника министрлігі арасындағы биотехнологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бұған қоса «Қазақатомөнеркәсібі ҰК» АҚ мен Қытайдың Гуандунь ядролық-энергетикалық корпорациясы (CGNPC) арасында уран ресурстарын бірлесе игеру және ядролық отын мен атом энергиясын өндіру жөніндегі келісім жасалды.

Сондай-ақ, «Қазкоммерцбанк» АҚ мен Қытайдың Экспорт-импорттық банкі арасында 34 млн долларға несиелік келісімге қол қойылды. Мақсат — «Mobil Telecom Service» ЖШС-нің Қытайдан телекоммуникациялық жабдықтарды импорттауын қаржыландыру.

Өз кезегінде «КазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясы» Арал жобасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. «Самұрық» Холдингі мен Қытайдың Мемлекеттік даму банкі арасында Мойнақ СЭС құрылысын салу жөніндегі жобаны қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша кепілдік беру жөніндегі келісімге қол қойылды.

Жалпы алғанда, ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары У И ханымның айтуынша, «қазір Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас тұрақты әрі серпінді дамып келеді, өзара саяси сенімділік пен түрлі салалардағы ынтымақтастық, соның ішінде энергетика мен транспорт саласындағы ынтымақтастық нығая түсуде».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті