Байқоңырда желтоқсанның басында "Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон" зымыран тасығышын ұшыруға дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда желтоқсанның басында  "Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс  "Протон" зымыран тасығышын ұшыруға дайындалуда

Байқоңырда желтоқсанның басында "Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон" зымыран тасығышын ұшыруға дайындалуда

Байқоңыр. 8 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда желтоқсанның басында "Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон" зымыран тасығышын ұшыруға дайындалуда, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 8 Қараша 2007
  • 395
Фото - Caravan.kz

Ақпарат көзінің хабарлауынша, М.Хруничев атындағы орталық мамандары 92-1 алаңының монтаж-сынақ корпусында Ресей Қорғаныс министрлігінің мүддесіне сай ұшырылатын «Космос» жер серігін алып ұшуға тиіс «Протон» зымыран тасығышын ұшыруға дайындала бастады.

«Космос» жер серігін алып ұшуға тиіс «Протон-М» зымыран тасығышы мен «Бриз-М» үдеткіш блогы желтоқсанның басында ғарышқа жол тартуға тиіс.

Бұл 2007 жылдың аяғына дейін ұшырылады деп межеленген үш «Протонның» екіншісі.

Таяу уақыттарда «Протон-М» зымыран тасығышы Sirius-4 ғарыштық аппаратын алып 18 қарашада ұшуға тиіс.

«Протон» ұшырылымдарының биылғы ең соңғысы 25 желтоқсанда «Протон-К» зымыран тасығышы үш бірдей «Глонасс-М» жер серіктерін алып ұшумен аяқталады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті