«Қазақстанның өркениетті бизнесінің мемлекет алдындағы бүкіл әлеуметтік жауапкершілігін өз мойнына алып, қоғамның одан әрі нығайуына үлестерін қосатын кез келді»,- деп айтылған мәлімдемеде.
Сондай-ақ мәлімдемеде, бизнес құрылымының басшылары «ғаламдық экономика факторлары, бағалық ымыраласу және жекелеген нарыққа қатысушылардың алапсатарлықтары, азық-түлік өнімдеріне аса жоғары сұраныс тудыратын алып қашпа сөздер сияқты әртүрлі объективті және субъективті себептерден туындаған бірінші қажеттіліктегі тауарлар бағасының негізсіз өсуіне ашулы. Мұндай жағдай біздің жас мемлекетіміздің қоғамдық-саяси тұрақтылығына тікелей қауіп төндіреді», деп хабарланған.
«Біз қоғам үшін келтіретін зарадаптарды ескермей, тек өз пайдаларын ғана ойлаған кейбір саудагерлердің әрекеттерін айыптаймыз», деп көрсетілген хабарламада.
Қазақстанның «Атамекен» жалпыұлттық кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағының облыстық бөлімшесінің, халықаралық бизнес орталығының, «Шағын бизнес орталығы» ассоциациясының, кәсіпкерлердің «Даму», ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің «Жайық шаруасы» қауымдастықтарының басшылары, Батыс Қазақстан облысының «Заман» өндірушілер қауымдастығының басқарма төрағасы, «Қазақстан Республикасы тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының» Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрағасы осы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.