Польша Әзербайжанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне көмек көрсетуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Польша Әзербайжанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне көмек көрсетуді ұсынды

Польша Әзербайжанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне көмек көрсетуді ұсынды

Баку. 8-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Польша Әзербайжанды аймақтағы маңызды серіктестіктерінің бірі ретінде танып, бұл елдің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне талпынысын қолдайды, деп мәлім етті Польшаның экономика министрі Петр Гжегожа Бакуде өткен Әзербайжан мен Польшаның экономикалық ынтымақтастығы туралы семинар барысында, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 9 Қараша 2007
  • 477
Фото - Caravan.kz

«Біз Әзербайжанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне талпынысын қолдаймыз және де мұның неғұрлым тез болғандығын қалаймыз. Польша осы салада Әзербайжанға көмек көрсетуге, өз тәжірибелерімен бөлісуге дайын және де егер Әзербайжан занамасын жетілдіруге қатысты сараптама қажет болса, біз көмектесуге дайынбыз. Сонымен қатар, бізде тағы бір бастама бар, ол Әзербайжанның Еуроодаққа кіруіне де осындай көмек көрсетумен қорытындыланады»,- деді ол. Польшаның ауыл шаруашылық және ауылды дамыту министрінің орынбасары Ян Кшиштов Ардановский өз кезегінде, екі ел арасындағы сауда айналымы үстіміздегі жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға төмендегендігін, жалпы бұл көрсеткіштің екі ел әлеуетіне сай емес екендігін хабарлады.

«2006 жылы біздің Әзербайжанмен арадағы сауда айналымы 76 млн АҚШ долларын құраған, ал үстіміздегі жылдың 8 айында ол небәрі 45 млн АҚШ долларын құрап отыр. Көрсеткіштің төмендеуі Польшадан Әзербайжанға келетін қант тасымалының тоқтатылуымен байланысты. Бұл екі ел арасындағы сауда ынтымақтасығының терең еместігі, және де тауар айналымында көбінесе бір өнімге ғана тәуелді екендігі туралы айтады. Одан әрі бұлай болмауға тиіс, Польшаның Әзербайжан нарығында кездеспейтін көптеген тауарлары бар»,- деді ол. Министр орынбасарының айтуынша, Әзербайжан Польшаға жеміс шырындарын, жеміс-жидектер, шарап, шәй және жаңғақтар, ал Польша Әзербайжанға шоколад, нан өнімдерін, шұжық өнімдерін, ащы спирттік сусындар, сондай-ақ ауылшаруашылық техникаларын тасымалдай алады.

Әзербайжанның экономикалық даму министрі Гейдар Бабаев, Әзербайжанның Польшамен ынтымақтастығын тереңдетуге мүдделік танытып отырғандығын атап өтті. «Біз польша жағының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге, сондай-ақ біздің заңнамаларымызды еуропалық стандартқа айналдыруға қатысты көмек көрсетуі жөніндегі ұсынысын пайдаланамыз»,- деді Г. Бабаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті