Алматыдағы ҰҚК Әскери институтында кабинет өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы ҰҚК Әскери институтында кабинет өртенді

Алматыдағы ҰҚК Әскери институтында кабинет өртенді

Алматы. 8-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыдағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институтында кабинет өртенді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қаласының өрт сөндіру департаментіне сілтеме жасай отырып. Өрт сөндіру департаментінің хабарлауынша, 8-қарашада 7.24 Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институтының төрт қабатты оқу корпусының үшінші қабатындағы радиобайланыс кабинетінде өрт шыққан. Тілсіз жау 10 шаршы метрді шарпыған, оны сөндіруге өрт сөндірушілердің жарты сағаттай уақыттары кетті.

  • 9 Қараша 2007
  • 394
Фото - Caravan.kz

Өртті сөндіруге жеке құрамның 40 адамы мен 13 бірлік техника жұмылдырылған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығуы себебі мен келген материалдық шығынның көлемі анықталуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті