«Тек 2006 жылы 2005 жылғы салық есебінің автоматтандырылған камералық бақылауын салық органдарының тексеруі нәтижесінде (салық есебін тапсырмайтын немесе нөлдік көрсеткішпен тапсыратын, алайда, есеп шот фактурасын жазатын) 1135 салық төлеуші анықталды. Олар бойынша корпоративтік табыс салығы және қосымша құн салығы бойынша бюджетке түспеген қаражат 73,4 млрд теңгені құраған», — деп атап өтті ол.
Сонымен бірге, Нұрлан Рахметовтың мәліметіне сүйенсек, арнайы бөлімше жүргізген ірі компанияларды трансферттік баға құру туралы заңды бақылау аясында және кешенді салықтық тексерулердің нәтижесінде жыл басынан бері 3,6 млрд АҚШ доллары қосымша келіп түскен».
«Республикалық мониторингке кірген 276 ірі салық төлеуші барлық мемлекеттік табыстардың жартысын беріп отыр. Ал екінші жартысы қалған 900 мың салық төлеушінің үлесіне тиеді. Бұдан шығатын қорытынды — екінші бөліктің ішінде де айтарлықтай артық қор бар», — деп санайды комитет басшысы.
«Жақын арада біз нақ осы қорды анықтауға жұмылуымыз қажет», — деп атап көрсетті ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті