Салық комитетіне есеп беретін кәсіпорындардың үштен бірі ғана рентабельді - Салық комитеті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салық комитетіне есеп беретін кәсіпорындардың үштен бірі ғана рентабельді - Салық комитеті

Салық комитетіне есеп беретін кәсіпорындардың үштен бірі ғана рентабельді - Салық комитеті

Астана. 9-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Салық комитетіне есеп беретін кәсіпорындардың үштен бірі ғана рентабельді болып табылады. Бұл туралы бейсенбі күні Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінің жиналысында сөйлеген сөзінде комитет төрағасы Нұрлан Рахметов мәлімдеді.

  • 9 Қараша 2007
  • 557
Фото - Caravan.kz

«2003-2006 жылдардағы корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың сараптама және ағымдық болжам басқармасы тарапынан жүргізілген сараптамасы есеп беретін кәсіпорындардың тек үштен бірі рентабельді екендігін көрсетіп отыр (яғни, салық салынған оң табысты иеленген). Бұл шамамен алғанда, 30 мың кәсіпорын», — деді Нұрлан Рахметов.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, осы 30 мың кәсіпорынның 70 пайызының барлық салықтар бойынша салық коэффициенті 5 пайыздан аспайды. Ал мұндай кәсіпорындардың саны жыл өткен сайын артып келеді».

Сонымен бірге, шамамен 4 мың кәсіпорын барлық сарапталған уақыт ішінде «нөлдік немесе кері салық салынатын табыс деңгейін көрсетіп отырған». Сондай-ақ, комитет басшысының мәліметтеріне сүйенсек, «ештеме өндірмедік деген анықтама ұсынып, бірақ, кеден мәліметтері бойынша импорт жасап келген кәсіпорындар анықталған». «2004-2006 жылдары олар жасаған импорт көлемі 1,5 млрд АҚШ долларын құраған», — деп атап өтті ол.

Нұрлан Рахметов мұндай кәсіпорындарға салықтық бақылау шараларын қолдануды тапсырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті